17.05.2018, 10:46
Оқылды: 26

«Адал жол» марафоны Ақжайық ауданында жалғасуда

«Адал жол» – «Честный путь» жобасы бойынша аудандар арасындағы марафон бүгін Ақжайық ауданында өтуде.

Қазір Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті, басқа да департамент, ұйымдар өкілдері ауданның Жаңабұлақ ауылында тұрғындармен кездесіп, қабылдау өткізуде.

Одан әрі қатысушылар Чапаевта бірнеше мекеменің жұмысымен танысады. Сосын марафон эстафетасын Тасқала ауданы өкілдерінің ақжайықтықтарға табыс етуі, сондай-ақ Ақжайық активімен кездесу өтеді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале