7.11.2017, 10:29
Оқылды: 30

Адамның адамдығы осындайда

IMG_0363Ақжайық ауданында «Мейірбандық күндері» барыншы ұтымды ұйымдастырылып келеді.

Айталық, ауыл әкімдігі мен Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің бастамасымен бірнеше отбасыға, оның ішінде  мүмкіндігі шектеулі жаны бар 4 жанұяға қысқы отындық ағаш түсіріп берді.

Ауыл әкімдігі бір мүмкіндігі шектеулі жанға 12950 теңге көлеміне азық-түлікпен көмектесіп, 2 отбасыға 30000 теңгеге ауласын қоршайтын дүниемен жәрдемдесті.

«Талпыныс», «Байқара», «Рахат» шаруа қожалықтарының  жетекшілері Самархан Қажығалиев, Серікқали Батыров және Ғалымжан Хамзин 3 отбасының ауласына қысқы мал азығын түсіріп берді. Ринат Жұбанов, Қарлығаш Құсаинова, Мақуза Қабанова сынды кәсіпкерлердің де ауыл-елге көмегі зор.

IMG_0361- Коловертное ауылындағы бір отбасыға «Дабыс», «Мейірбек»,  «Талпыныс», «Жерұйық», «Айболат» шаруа қожалықтарының жетекшілері  Өтеғали Дабысов, Нұрым Шүкіров, Самархан Қажығалиев, Баймұрат Меңдібаев, Айболат Кадыров бірнеше бас уақ жандық, тұрғын Амангелді Түсіпқалиевтің өзі 2 бас уақ жандығын апарып берді,- дейді Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Айбат Төлегенов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале