13.04.2017, 15:13
Оқылды: 23

«Әділет кеңес береді»

Бүгін Тасқала ауданында «Әділет кеңес береді» атты республикалық акция өтті.


Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, аудандық әділет басқармасының басшысы Д.Мақашева және ХҚКО, аудандық сот пен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан жылжымайтын мүлік, уақытша тіркеу, әкімшілік айыппұлдар, сот актілерін орындау, оның ішінде алимент төлемдерін өндіру мәселесі бойынша сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді.

Кездесу соңында мамандар ауыл азаматтарын жеке-жеке қабылдады.

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале