4.10.2017, 15:58
Оқылды: 37

«Аға ұрпақтың ақылы қашан да қымбат»

Қайырымдылық айлығына орай Зеленов ауданының әкімі Переметный ауылындағы арнаулы әлеуметтік мекемесіне барып, сол жердегі қарттармен кездесті.

- Қазақ қоғамында ақсақалдар – елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Халықтың «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең», «Қариясы бар елдің– қазынасы бар» деген сөздерінің мәнісі – ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау керектігімізді ұғындырса керек. Аға ұрпақтың ақылы қашан да қымбат,-деген Асхат Берлешұлы қариялар мен кейуаналарды қарттар күнімен құттықтап, оларды бағып-қағып отырған арнаулы мекеме ұжымына алғысын жеткізді.

Одан әрі аудандық №1 саз мектебі тәрбиеленушілерінің концертіне жалғасқан кездесу соңында қариялар әр мереке сайын ұмытпай келіп тұратын аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді. Өз кезегінде аудан басшысы болашақта мүмкіндігі бар аталар мен әжелерді облыс орталығына экскурсияға жіберіп тұратынын жеткізді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале