9.12.2019, 16:03
Оқылды: 63

Ағайындылар кәсіп бастады

Бүгінде жастар үшін не көп, қалауын тауып жасай білсең, отбасыңды асырауға да, қарапайым халықтың шынайы ризашылығына бөлейтін де кәсіп жетерлік. Мемлекет тарапынан да жастардың кәсіп ашуына мүмкіндік жасалып, жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр.

qaratobe (3)

Тек адам еңбектене білсе болғаны. Оны біз күнделікті өмірде көріп те, байқап та жүрміз. Жастайынан еңбекпен есейген сондай азаматтардың қатарында ағалы-інілі Амандық пен Тұрарбек Қайыржановтарды айтуға болады.      Қарапайым ғана отбасында тәрбиеленген ағайынды жігіттерді әкесі Елтай мен анасы Айтолқын еңбекке жастайынан баулыды. Ауылдың күйбең тіршілігіне ерте араласқан олар елгезек, еңбекқор болып ержетті.

 Бүгінгі күні Амандық пен Тұрарбек «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша әрқайсысы қайтарымсыз 505 мың теңгеден 1 млн. 10 мың теңге алып, ауданнан көлік жөндеу орталығын ашты.

 – Халқымыз «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай жүрсе, соңғысы солай жүреді» деп босқа айтпаған екен. Себебі, ағам техникаға жастай құмартты, үнемі оның қасында жүретіндіктен мен де осы іске үйір болдым. Көліктерді шұқылап қарағанды жақсы көретінмін. Кейін ауданда көлік жөндейтін жер болмағандықтан, неге біз ашпасқа деген ой туды. Осылайша ортақ жобамыз мақұлданып, керекті құрал-жабдықтарға қол жеткіздік, - дейді Тұрарбек Елтайұлы әңгіме арасында.

qaratobe (2)

 Қазір халықтың сұранысына орай ағайындылардың демалатын уақыты жоқ, бізбен тілдесуге де уақыттары аз болды. Темір тұлпар тізгіндеген азаматтар көліктерінен ақау шықса, енді қалаға сабылып жүрмей, осында келетін көрінеді. Кейбір қосалқы бөлшектерді де осы жерден табуға болады.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале