17.10.2018, 10:49
Оқылды: 62

Агенттіктің аппарат басшысы Зеленов ауданында болды

Зеленов ауданына жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов және аталмыш агенттіктің БҚО бойынша департамент басшысы Болат Исақов келді.

IMG_2048

Лауазымды тұлғалар алдымен аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Одан соң аудандық әкімдікте өткен актив жиынына қатысты.

- 2019 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яки 42 500 теңгеге дейін өсіру үшін «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР-ның заң жобасына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметкердің еңбекақысы көбейеді. Олардың еңбекақысы орта есппен 35%-ға өседі.

Батыс  Қазақстан облысында экономиканың барлық саласы бойынша жұмыс істейтін 60 мыңнан астам қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 35 пайызға өседі, - деді Саян Қылышұлы.

Саян Ахметжановтың айтуынша, демографиялық өсуге байланысты жұмысшы күштерінің ұсыныстары да өспек. Сондай-ақ жыл сайын 300 мың жас еңбек рыногына келетін болады. Сондықтан жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударылмақ.

- Мемлекет басшысы қойған тапсырманы шешу үшін агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекетттік бағдарламасының өзекті мәселелері шеңберінде еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңделген өнімді экспортқа шығаруды 2,5 есеге ұлғайту, өнеркәсіптегі бәсекелестікті күшейту және оны технологиялық қайта жабдықтауды қажет етеді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 100 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл агро өнеркәсіп кешені алдында койылған мәселелерді толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  • Облыстағы «Кублей», «Жайық Агро», «Батыс НҰҚ», «Желаевский КХП» секілді мекемелер заманауи агротехнологиялармен жұмыс жасауда. Халықаралақ деңгейге шығу үшін сіздің аймақ бойынша инвестор «Данбиа» британ компаниясы бордақылау кешеніне инвестиция құюға әзір. Барлық күш-қуат шетелге экспортқа шығаруға бағытталуы тиіс, соның ішінде Қытайға.
  • Сондай-ақ насихат тобының мүшесі 2025 жылға қарай I және II техникалық деңгейдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 15 мың шақырымды құрайтындығын да тілге тиек етті.
  • Жиыннан соң Саян Ахметжанов «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.
  • Қабылдауға келгендердің бірі - аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұржан Ешмұратов. Ол таяудағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының өсуі туралы сұрақ қойған болатын.
  • - Мемлекеттік қызметкердің жалақысының өсуі өзіне байланысты. жақсы жұмыс істесе тұрақты жағдайдан қосымша үш-төрт есеге көбеймек. Жылдық айлықты есептегенде әжептәуір кіріс болады. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттырып, білімді де тәрбиелі жастардың осы саладан көрінуіне мол мүмкіндік береді, - береді деді Саян Қылышұлы.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

IMG_2051 IMG_2093

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале