25.01.2019, 17:04
Оқылды: 70

Ағылшын тілінен шеберлік сағатын өткізді

Жаңақала ауданындағы «Қисық-Қамыс» бастауыш партия ұйымының төрайымы Заря Жардемованың ұйымдастыруымен «English Time» оқу орталығы ашылып, жастарға ағылшын тілін үйретіп жүрген жас маман Руслан Аманғалиұлының шеберлік сағатын өткізді.

nur otan sh sagaty (2)

Шараға мектеп оқушылары мен ағылшын тілі мұғалімдері, жастар қатысты.

         -Ағылшын тілін білу үшін барлық сөздерді түбегейлі жаттап алудың қажеті жоқ. Статистикаға сүйенетін болсақ, адам тіл үйренуі үшін орта есеппен 2000 сөз білуі керек. Бастысы күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген сөздер сияқты, ағылшынның да қарапайым сөздерін жаттап алу қажет. Ол арқылы сіз кез келген сөйлемді оңай әрі тез құрай аласыз. Адамдармен емін-еркін сөйлесуге үйренесіз, - деген Р.Аманғалиұлы, оқушыларға сөздердің қолдану реті мен сөйлемді қалай құрау керектігін түсіндірді.

nur otan sh sagaty (1)

Азиза Сүйінішқалиева,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале