26.06.2017, 17:55
Оқылды: 70

Аида - үшінші мәрте әлем чемпионы

Zelenov Aida chempion   Маусымның 23-25 арал­ығында Сербия астана­сы Белград қаласында каратэден әлем чемп­ионаты өтіп, ел намы­сын қорғаған спортшы­лар қомақты жүлдеге ие болды.

    Аталмыш  чемпионатқа 23 елден екі мыңнан астам спортшы қаты­сып, бақ сынаған.


   -Қазақстан құрама командасы сапында Аида Имақанова 16-17 жас қыздар арасында ку­митэден үшінші мәрте әлем чемпионы атанд­ы. Бұл еңбектің жемі­сі, - дейді ел құрам­асын бастап барған елімізге танымал әрі Аиданың  бапкері Фар­хад Жалмұрзин.

   Катадан бөрлілік Аз­ат Жүнісов пен Бауыр­жан Болатов, кумитэд­ен зеленовтық Полина Уварова, иппон куми­тэден Нұрдәулет Сама­тов пен Николай Сенн­ов күміс жүлдеге ие болды. Ал ката шитор­юдан бөрлілік Нұрлан Исқалиев, кумитэден Азат Жүнісов  қола жүлдегер атанды.

Динара НАСЫР
Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале