30.04.2020, 15:45
Оқылды: 42

Ай бойы блокбекетке ыстық тамақ тасыған

 Сырым ауданына кіре берісте Тоғанас ауылы тұсындағы блокбекетте тұрған тәртіп сақшылары мен дәрігерлерге Есенгелді Қажғалиев деген азамат ыстық тамақ апарып беруді күнделікті әдетіне айналдырыпты.

EC3143E4-86D1-4E7E-8457-CBB2E5ABD423

Блокбекет қойылған күннен бастап ақ "Нивасымен" ауқат тасып жүргеніне бір ай болды. Ал ондағы медицина және полиция қызметкерлері тек жеңіл тағамдармен (сухой паек) ғана қамтылған екен. Тәуліктеп халық саулығы үшін күзетте тұрғандарға нәр, қуат беретін ыстық тамақсыз қиын. Есенгелді есімді ерге блокбекеттегілер алғыс жаудыруда.

     Атымтайлығымен, азаматтығымен көрініп жүрген Есенгелді Қажғалиев – Тоғанас ауылында дүниеге келіп, туған жерде еңбек етіп келеді. "Есенгелді-Аружан" шаруа қожалығының басшысы. Ірі қара, қой өсірумен айналысады. Шаруашылықтың жұмысын жары Ақыл апай екеуі дөңгелетіп отыр. Балалары өсіп-өніп, Орал қаласында қызметте.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале