24.04.2017, 11:18
Оқылды: 32

Айбынды жігіттер сынға түсті

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойына арналған  «Айбынды жігіттер» атты аудандық байқау өтті.


Жас өрендер өзін таныстыру, Сырым батырдың шешендік жауаптарын табу мен ұлттық дәстүрге байланысты сұрақтарға мүдірмей жауап беру, сол сияқты бойындағы өнерін көпшілікке танытудан сынға түсті.

Ал «Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабар» деп аталатын аударыспақ жарысы бұдан бұрын өткізіліп, ат жалында ойнайтын шабандоз оғландар анықталған болатын. Аталған сындарлы бәсекеде жігіттер жігерін жанып, намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Оларды көрермендер де барынша көтермелеп, демеу көрсетіп отырды.

Жеті жігіт бақ сынаған байқау қорытындысында бас жүлдені Талов ауылындағы Ғ.Сарыбаев атындағы мектептің мұғалімі Ардақ Қабылнасыров жеңіп алды.  Содан кейінгі бірінші, екінші және үшінші  орындарға тиісінше Ұзынкөл ауылының жігіті Досжан Үмбетәлиев, Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы мектептің тәлімгері Нұрлыхан Каримов және борсылық Мержан Ержан ие болды.

Ал «Шешен жігіт», «Батыр жігіт», «Сері жігіт» аталымдарын Ақоба, Жақсыбай, Жәнібек ауылдарынан Дәулет Ғайнуллин,  Ернар Ерланов, Асылан Әмірханов алып, дипломдармен марапатталды.

                                                                            Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале