7.03.2017, 10:52
Оқылды: 14

Әйгерім Ахметжанова «Қаратөбе аруы» атанды

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Қаратөбе аруы – 2017» байқауы өтті. Байқауға ауылдық огругтерден және аудан орталығындағы мекеме, ұжымдарының арулары қатысты.


Сайысқа шыққан 14 арудың ой ұшқырлығы, сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениеті және киім кию үйлесімділігі сынға түсті.

Сайыс қорытындысында әділ қазылар алқасының төрағасы Абат Ізімғалиұлы сөз сөйлеп, барша әйелдерді көктем мерекесімен құттықтады.

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің атынан қатысқан Әйгерім Ахметжанова «Қаратөбе аруы-2017» атағын иеленді. Егіндікөл ауылдық округінің намысын қорғаған Раушан Құрманәлиқызы ІІ орынды еншілесе, аудандық балалармен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының қызметкері Ұлпан Сағындықова ІІІ орынды иемденді.

Қазылар алқасының шешімімен сайысқа қатысушы арулар «Ең әдемі көйлек», «Инабатты ару», «Көрермен көзайымы» аталымдарына ие болып, арнайы сыйлықтармен марапаталды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале