2.04.2018, 12:29
Оқылды: 41

Әйгілі «Беу, қыздар-айды» сахналады

Ақжайық аудандық халықтық театры «Беу, қыздар-ай!» комедиялық қойылымын ұсынды.

Бұл театр көрермен қауымға тұңғыш рет ұсынғанымен, қазақ өнері мен әдебиетінің тұлғалы азаматтары Қуандық Шаңғытбаев пен Қаныбек Байсейітовтің осы шығармасы  көптен бері халқымыздың рухани азығына айналғаны көпшілікке мәлім.

Режиссер Күлім Әлмұханова қойған қойылымдағы айдай сұлу Айсұлуды (Ләззат Қапашева) іздеп ауылға келген «серілер» ақыры еңбекке қалай араласып кеткендерін білмей қалады. Жалындаған жастар, махаббат хикаясы... Жансұлу (Жанар Үмбетова), Күнсұлу (Венера Нұрғалиева), Нұрсұлу (Айнамкөз Серікқалиқызы), Серке (Абзал Мүтиғоллиев), Қасен (Асхат Сапарғалиев), Әбубәкір (Аслан Бақтығалиев), Сұлтан (Сейілхан Шафхатұлы), шаруашылық төрағасы (Әнуар Нұрғалиев), полиция (Назерке Амангелдиева), маскүнем (Әділжан Елешев) шым-шытырық қызықты оқиғалардың арасынан табылады. Халықтық театр алдағы уақытта да қойылымдарды сахналауды көздеп отыр.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

beu kizdar 3 beu kizdar 4

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале