4.07.2017, 17:47
Оқылды: 69

«Айсбергке» кезіктім

ausber«Астанадағы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрменің ашылу салтанатына қатысып, оны алғашқы тамашалаушылар қатарында болдым» деп бастайды бізге жолдаған мақаласында бөкейордалық оқушы Айнат Манатбек.


Әсіресе,  «Болашақ энергиясы» атты  сегіз қабатты көрме маған қатты ұнады. Ең биігіндегі көрме «болашаққа» арналса, 7-қабатқа «Ғарыш» əлемі сыйғызылыпты. Көрсеңіздер ғой, бұл жер тылсымға толы. Өзімді құдды Айға ұшып барып, Жер планетасын төбеден тамашалап тұрғандай болдым. Жердің, Күннің, топырақтың макеттері айнытпай жасалынған. Зымыранды, ғарышкердің тамағын, киімдерін (скафандрды) қолыммен ұстап көрдім. 6-қабаттағы «Күн əлемі» өзінше ерекше. Ондағы Оттың ыстық лебі, жарық Сәуленің бейнесі тамаша. 5-қабаттағы Жел де сондай. 4-ші биохимия қабатында өсімдіктердің өсу процесін көруге болады. Осы қабатта орналасқан электронды, үш тілді, ойлы ойындар еріксіз тартады. Сондай-ақ төменгі қабаттар «Темір» (техника, роботтар əлемі), «Су» əлеміне арналған. «Су» қалашығында ешқандай су болмаса да, қара көлеңкеленген жар, дыбыстар жерден су ағып тұрғандай болады. Электронды түрде жасалған «сарқыраманың» өзін шынға балап қаласың. Тіпті бұрын теледидардан ғана көретін «айсбергтің» өзіне кезіктім. Мұздан ескен суық леп, шуылдаған дыбыстар  Атлант мұхитында тұрғандай әсерге бөледі.

Көрме іші сондай-ақ, қазақ елінің салт-дəстүрін, тарихын, қасиетін айқын суреттейтін экспонаттармен  әспеттелген. Музей, қалашықтар, павильондар ыждағатты еңбекпен шебер жасалған. Əр қалашықтағы ойындар мен бейнемəлеметтер пайдалы, тартымды, əсері де мол. Өзім 30 шақты шет елдің павильонын тамашаладым. Ұнағаны: вьетнам, монғол, қытай, араб, түрік, француз, үнді, т.б. Және де сол жерден танымал азаматтарды, атақты əншілер мен өнер адамдарын ұшыраттым. Керемет күй кештім. Тағы да барғым келеді. Достарыма да Астанаға барыңыздар деймін.

Айнат МАНАРБЕК,

Бөкей Ордасы ауданы

М.Мәметова атындағы орта

 мектептің 7-сынып оқушысы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале