14.06.2019, 15:04
Оқылды: 249

Әйтиевте спорт алаңы салынды

Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округіне қарасты Әйтиев ауылында салынған шағын спорт алаңының  ашылу салтанаты өтті.

terekti (1)

Әйтиевтік тұрғындардың көңіліне қуаныш ұялатқан шарада округ әкімі Максим Энгелов:

-Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне үлес қосу мақсатында спорт алаңын салуды жоспарлаған болатынбыз. Бұл тілегімізге бүгін қол жеткізіп отырмыз. Алдағы уақытта салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуда округіміздің үлесі артатынына сенімім мол. Ауыл тұрғындарына осындай керемет мүмкіндік туғызып, міндетіне салғырт қарамаған мердігерге алғысым шексіз, - деді.

terekti (4)

Әйтиев ауылының тұрғыны Абат Молдахметов пен мердігер «АRÝ» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Райымбек Бисенғалиев алаңның лентасын қиды.

Мердігер Райымбек Сәлімжанұлының айтуынша, көлемі 20 х 12 метр алаңды салуға 2 млн. 860 мың теңге жұмсалған.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

terekti (2) terekti (5)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале