24.09.2018, 11:50
Оқылды: 100

Айтқали Нәріковтың «Барлаушы» кітабының тұсауы кесілді

Ақжайықта М.Абдолов атындағы негізгі мектепте батырдың құрметіне музей ашылды.

 

IMG_6561

Мұнда батырдың соғыс кезінде тұтынған заттары, құнды дүниелері қойылған. Фотосуреттер, басқа да өмірдеректерінен хабар беретін жазбалар бар. «Ауылым – алтын бесігім», «Отбасы – алтын діңгек», «Қан майдан төрінде, қарсы тұрдым өлімге», «Жеңіс жыры – мәңгілік дастан», «Тылды бағындырған тағдырлар» атты стендтерден тұратын мұражайда ауыл тарихы, майдангерлердің еңбек жолдары туралы мол деректерге қанығуға болады. Осында жиналғандар алдында еңбек ардагері Ерболат Нысанбаев естеліктерімен бөлісті.

Меймандар аудандық орталықтандырылған кітапхана ұйымдастырған «Рухты ұлы қазақтың» атты кітап көрмесін тамашалады. Аға сержант Михаил Абдолов Кеңес Одағының Батыры атағын 1945 жылы 24 наурызда алды. Оның ерліктері жазушылардың, ақындардың қаламына арқау болып келеді. Өжеттілікті дәріптеуде әу бастан жұмыстанып келе жатқан белгілі ақын, журналист Айтқали Нәріковтың зор еңбегін ерекше атап өткен жөн. Жылдар жүзінде бірнеше мақала, әңгіме жазған А.Нәріков батыр жайында кітап жазуды қолға алғанды. Ол ойы сәтімен жүзеге асып, «Барлаушы» атты кітабы жарық көрді. Шара ақын Сағынтай Бисенғалиев жүргізген кітаптың тұсаукесерімен жалғасты. Аудан әкімі Әділ Жоламанов қаламгерге бұл зор еңбегі үшін аудан халқы атынын алғыс айтып, иығына шапан жапты.

– Ғасырда бір туатын атақты батыр жайында бір еңбек жазуды қолға алған едім. Жылдар жүзіндегі журналистік жолымда ол туралы тың деректі жинай жүріп, «Барлаушыны» жаздым. Әрине, жұртшылық, өскелең жас ұрпақ оның жасаған ерліктерін толық білуі тиіс,-деді өз сөзінде А.Нәріков.

Бекболат ҚАЛЕНОВ,

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрхат МАҒЗОМОВ

IMG_6541

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале