15.03.2019, 17:31
Оқылды: 52

«Айтылмаған сыр» драмасын сахналады

Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған халық театры көпшілікке С.Ғаббасовтың «Айтылмаған сыр» драмасын ұсынды. Өздері бала сүйе алмай, асырап алған ұлдарын туған ата-аналары кері ұрлап алып, ұрпақ сүюді армандаған адамдардың тағдырын суреттейтін шығарма қойылымға арқау болған.

 IMG_2745

«Айтылмаған сыр» атты екі бөлімді драмалық спектаклді сахналауға театр ұжымы бір ай көлемінде дайындалыпты. Бұл театрдың алғашқы қойылымы емес. Көпшілік санасына бала мен ана махаббатын, туыстық қатынастың маңызын насихаттау мақсатында режиссер Анаргүл Темірғалиева шығармашыл жастардың басын қосып, осындай тағылымдық дүниені дайындады.

–  «Өнер көзі – халықта» демекші, бүгінді қойылымның ерекшелігі кейіпкерлерді сомдаушы театр актерлары емес, қарапайым халық өкілдері. Менің басты мақсатым да осы еді. Қарапайым халық арасынан таланттарды іздеп, көрерменге таныстыру. Мақсатым жүзеге асты деп ойлаймын. Көпшілік жақсы пікірде, - дейді халықтық театр режиссері А.Темірғалиева.

                                                                                                                            Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале