14.01.2019, 10:55
Оқылды: 38

Айтыскерлерге медаль берілді

Сырым аудандық мәслихатының сессиясында Батыс Қазақстан өңіріндегі айтыс өнеріне қосқан үлесі үшін айтыс ақыны Қуаныш Қапановқа «Жайық айтысына 60 жыл» мерекелік медалі берілді. Медальді салтанатты түрде айтыскер, журналист, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Одағының Батыс аймағы бойынша төрағасы Бауыржан Халиолла табыс етті.

 IMG-20190112-WA0057

Қуаныш Қапанов аудан халқына аудандық «Жас қанат» байқауы арқылы танылды. Бұрын жазба поэзиямен айналысып, кейінгі жылдары айтыс ақыны ретінде аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, жүлде алды. Көз жанарынан айырылған тағдырлы ақын бүгінгі күні өзінің алғашқы жыр жинағын баспаға дайындау үстінде.

         Батыс Қазақстан өңіріндегі айтыстың 60 жылдығына арналған мерекелік медаль Қоңыр ауылында тұратын ақын Зәкәрия Молдағалиевке де табыс етілді. Марапатты тапсыру үшін ақынның шаңырағына Бауыржан Халиолла мен Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев арнайы келді.

         Айта кетейік, Зәкәрия Молдағалиев талай рет аудан аралық айтыстарға қатысып, 1979 жылы Жымпитыда өткен аудандық айтыстың жеңімпазы атанды. Зәкәрия ақын кезінде әйгілі айтыскер Жаңыл Жұрмағанбетовамен де айтысты. Ақынның жасы бүгінде 80-нен асты.

IMG-20190112-WA0041 IMG-20190112-WA0047

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале