22.08.2018, 10:38
Оқылды: 36

Ақбұлақ ауылында балалар ойын алаңы ашылды

Ақжайық ауданындағы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ақбұлақ елді мекенінің тұрғындары Құрбан айтта қуанышқа бөленді. Мұнда мектепке дейінгі балалар ойыны алаңы ашылды.

Алаң кәсіпкер Ләззат Сейіткерееваның туған жеріне қаржылай қолдауының арқасында салынды. Аумағы 200 шаршы метр болатын ойын алаңының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Әділ Жоламанов жиналғандарды мұсылман қауымының ұлық мерекесімен құттықтай келіп, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жұртшылықтан қызу қолдауға ие болғанын атап көрсетті. Ақсуат ауылдық округі бойынша биыл 4 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның ішінде ауылдағы орта мектепке керекті құрал-жабдықтар мен мектеп жанындағы жылыжайға 2200,0 мың теңгенің қажетті заттары алынды. Алдағы уақытта бағдарлама аясында жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен Каленый орман шаруашылығының мұражайын жасақтау, саябаққа жазғы сахна орнату жоспарлануда.

Аудан басшысы Ақбұлақ ауылындағы осындай игі істің жүзеге асуына атсалысқан, атамекенге  сүйіспеншілігін көрсеткен Ләззат Мұратқызына ризашылық білдіріп, алғыс хат табыстады.

Каленый бастауыш мектебінің ұстазы Гүлайым Темірғалиқызы әлеуметтік әлсіз отбасылардағы оқушылар үшін «Мектепке жол» акциясына демеушілік жасап, балалардың қажетіне ұдайы атсалысып жүрген аудандық мәслихат депутаты Қанапия Таспайға, ауыл әкімі Бекен Дәмеліге, кәсіпкер Ләззат Сейіткерееваға алғысын арнады.

Нұрхат МАҒЗОМОВ,

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале