6.06.2018, 21:50
Оқылды: 64

«Ақбұлақ» аясында 4000-нан аса қаратөбелік тұрғын таза ауыз сумен қамтылмақ

мал союҚаратөбеге жұмыс сапарымен барған облыс әкімі «Қоржын» мал сою кешенінде болды

Ауысымына 30 бас ірі қара соятын мал сою қосыны мен 500 басқа арналған мал бордақылау алаңы, мал өнімдерін сапалы дайындау, жоғары сапалы ет өнімдерін өндіру мақсатын көздейді.

Былтырғы жылы пайдалануға берілген нысанның жоба құны 118,0 млн.теңгені құрайды.

Заманауи талаптарға сай салынған кешен қазіргі таңда 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

кешенНысан жұмысымен таныстырған «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқанов:
– Алтай Сейдірұлы құрылыс жұмыстарының басталуына куә болған мал сою кешені желтоқсан айында жұмысын бастаған еді. Мал сою қосынында бордақылауда тұрған жылқы, ірі қара, қой малдарын сойып, етін халыққа сапалы түрде ұсынамыз. Кешенде 13 жұмысшы жұмыс атқарады. Күніне 30 бас мал сойылып, 7-8 тонна ет өндіріледі. Мал еті Атырау, Ақтөбе және аудан басындағы дүкендерге де жеткізілуде, - деді кешен қожайыны.

Акбулак суСапар барысында өңір басшысы бастаған топ Қаратөбе ауданы су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанға барды.

Сумен жабдықтау құрылысы басында облыс басшысы аудан ақсақалдарымен, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесіп, елдегі жаңалықтармен бөлісті.
Өңірлерді дамыту бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында атқарылып жатқан бұл жоба 915 041 961,92 теңге республикалық бюжеттен қаралған. Оның жартысынан астамы жергілікті бюджетке тиесілі.

Жалпы ұзындығы 133 шақырымды құрайтын жоба Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл және Үшана ауылдарын таза әрі сапалы ауыз сумен қамтымақ.

АкбулакЖергілікті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатын көздейтін жобаның жұмысы туралы баяндаған бас мердігер «KazConstructionGroup» ЖШС бас директор Мұратбек Мұхамбедиев Үшана, Сулыкөл, Соналы ауылдарындағы құрылыс жұмыстарының біткендігін, Үшағаш, Шөптікөл ауылдарында ауылішілік жұмыстары ғана қалғандығын, тамыз айында аяқтауға толық мүмкіндік барын жеткізді.

Құрылысы бітежақ сумен жабдықтау жүйесі пайдаланылуға берілгенде бес елді мекенде тұратын 4158 адам таза ауыз сумен қамтылмақ.
Шалғай елді мекендердегі тұрғындардың таяу арада таза ауыз суды тұтынатындығына қуанышын білдірген Алтай Сейдірұлы:

– Қаратөбе ауданында атқарылып жатырған игілікті істер көп. Сапар барысында куә болып келеміз. Жаңадан құрылыс нысандары салынуда. Кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Осының барлығы жаңару, жаңғыру деп білемін. Еліміздің тұрақтылығы мен бірлігіміздің арқасында толайым табыстарға жетудеміз. Елжанды, жанашыр азаматтар елге көмек қолын созуда. Елдің азаматы Мұратбек Мұхамбедиевті Үшана ауылына медициналық пункт салып беруі, елге деген құрметі. Игі істерге бастамашы болып жүрген азаматтар абырой биігінен көрініп, ел игілігі үшін еңбектене берейік, - деді.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале