25.05.2017, 10:34
Оқылды: 31

Акцияға қатыс та, көлік ұтып ал!

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Сырым ауданы бойынша 2017 жылдың 1 мамыр – 30 қараша аралығындағы түбіртектер ұтыс ойынына қатыса алады. Акцияға коммуналдық төлем түбіртектері қатыса алмайды.

Акцияның негізгі мақсаты - дүкендерде тауар алып жүрген сырымдықтарды түбіртек алуға ынталандыру. Себебі кассалық аппаратта көрсетілген деректердің негізінде тауардың нақты көлемін анықтап, салықтың мөлшерін белгілеуге болады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің салықтан жалтаруына жол берілмейді.

Акцияның талаптары қарапайым. Мәселен,өзіңіз тұратын жердегі дүкендерде, шаштараз, асханаларда, жағармай құю станциясы, дәріхана, басқа да қызмет көрсету орындарында болған кезіңізде түбіртекті (чекті) талап етуіңіз қажет. Биылғы акция кезінде түбіртекті ұялы телефонға түсіріп, фотосын жібере салуға болады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін акция электронды форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобильдік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Акция аясында ай сайын жеңімпаздар анықталатын болады.

Үміт Жәңгірова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале