26.12.2019, 16:27
Оқылды: 232

Әке махаббаты

Ол үшін бүгін ерекше күн. Тойға келіп жатқан қонақтарды қуанышпен қарсы алып, қобалжыған күйін білдіртпеуге тырысты. Той иесі ретінде жүзі бақыттан бал-бұл жайнауға тиіс болса да, жүрегінің шымырлауы үдей берді.

qyz

сурет ғаламордан алынды

Міне, кештің сәні – жас жұбайлар да келді. Аппақ көйлек киген қызын көргенде оның көзіне тұнған қимас жас еріксіз моншақтады. Әке қабағы қатулы болғанмен, жүректері соншалықты жұмсақ болар ма?! Олардың махаббаты, өкініші мен мұңы жүректе тынып жатады екен ғой. Өйткені, ер адам әлсіз тұсын көрсетпейді... Бүгін ақ періште еркесінің жүзіне көз алмай қарай берді. Өмірдің мәнін ұқтырған балапанының ерке қылықтары, қуанышқа кенелткен сәттері әке көңілінде сайрап тұрғандай. Дәл осы сәт әке үшін қимас сезімді жеңу қиынға соқты. Енді еркесінің күлкісі өз үйінен естілмейді, тұлымшағы желбіреп жүгірген сәттері сағынышқа айналады. Кенет қосағымен қол ұстасқан қызының көзінен бақыт ұшқынын байқағандай болды. Әке алма- кезек ғұмырдың заңын жаңа ұққандай, «бар,бара ғой, құлыншағым...» деп күбірлей берді. Асқар тауының үмітін арқалап, өмір атты буырқанған дарияға түскен қос ғашық тек бақытты болсыншы! Олар тіккен шаңырақтан шаттық-думан үзілмегей!!!

Әсемгүл Қуанғалиева

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале