1.03.2017, 18:44
Оқылды: 44

«Әке мен бала» сайысы

Дәл осындай атаумен Бөкей Ордасы ауданы Жәңгір хан атындағы орта мектебінде тәрбиелік мәні зор шара өтті.


Байқау қатысушылары түрлі бөлім бойынша сынға түсті. Алдымен олар өз әулетін таныстырды. Содан соң қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты сауалдарға жауап берді. Екі сыннан мүдірмей өткен қатысушылар келесі бөлімде өз өнерлерін ортаға салды. Бірлігі бекем отбасылар спорттық сайыста да мықтылықтарын танытты.

Сайыс нәтижесінде Таташевтар отбасы жеңімпаз атанса, жүлделі екінші орынды Жігеровтер жанұясы жеңіп алды, Баетовтар үздік үштікті түйіндеді.

С.Ермекова,

Жәңгір хан атындағы орта мектебінің

бастауыш сыныптар бойынша

оқу ісінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале