26.12.2016, 17:39
Оқылды: 31

Әкелер форумы

akeler_forumФорум жұмысына аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, "Сырым жауһарлары" ұйымының төрайымы Мәншүк Бахитова қатысты.


Жанұядағы тәрбие - бүгінгі қоғамда көп талқыланатын тақырып. Жастар тәрбиесіндегі олқылықтардың да бір ұшы осы мәселеде жатыр. Күні бүгін ер мінез емес, ез мінез, намысы нәзік жігіттер көбейді. Әкесіз жанұялар онсыз да көп. Міне, осы мәселелер форумда кеңінен талқыланды. Форум мінберінде сөз алған ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйым өкілдері әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру жайлы көбірек айтты.

Форумның қарарымен "Сырым жауһарлары" ұйымының төрайымы Мәншүк Бахитова таныстырды. Қарарда айтылғандай, ауданда әкелер кеңесі құрылатын болады. Бұл кеңес отбасы құндылығын сақтау үшін қызмет етеді әрі жасөспірімдер жасайтын қылмыстардың алдын алуға себепкер болады деп күтілуде.

 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале