3.01.2019, 11:16
Оқылды: 23

Әкім ардагерлерді құттықтады

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков мерекеде соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, облыс әкімі Алтай Көлгіновтің және «НұрОтан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің және өзінің атынан сыйлы тарту етті.

akim qazt (5)Аудан басшысы ең алдымен соғыс ардагері Жұбат Сәрсембиевтің үйіне барды. Жұбат ақсақал майдандағы жан алысып, жан беріскен отты жылдардың естеліктерін айтты.

         Соғысқа дейін еңбек еткен Жұбат Сәрсембиев 1942 жылы Жаңақала ауданынан майдан даласына аттанады. 1943 жылы 65-атқыштар жаяу әскери полкінде болды. Р.Малиновский жетекшілік еткен «Ростов шабуылы» операциясына қатысып, қаланы жаудан тазартты. 1944 жылы әскери тапсырманы ойдағыдай орындап, көрсеткен ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталады. Майдан даласынан жараланып госпительде ұзақ емделеді. 1944 жылы елге оралады. Елге оралған майдангер саналы ғұмырын адал еңбекке арнап, бүгінде немере шөберелерінің қызығын көріп отыр.

         Мұнан кейін Абат Абайұлы ауданның құрметті азаматы Мұқсен Бақтыгереевтың, Нағым Ризуановтың шаңырақтарында болып, еңбек ардагерлердің ақ батасын алды.

akim qazt (2)

akim qazt (1)

Тұрарбек Қайырғалиұлы,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале