21.11.2017, 12:16
Оқылды: 19

Әкім орынбасары шаруашылықтарды аралады

 

АзбаевТасқала ауданына ат басын тіреген облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Іссапар барысында мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, өз кәсібін одан әрі дамытқан шаруа қожалықтарында болды. Алдымен, Мерей ауылдық округіне қарасты «Аман» ШҚ мен «Б.Ниязғалиев» ЖК мал бордақылау жұмыстарымен таныстырды. Мұнан соң «Тасқала Сүт» сүт өңдеу пунктін аралады.

Сонымен қатар «Жәнібек» ШҚ егілген күздік дәнді дақылдар алқабын қарап, Достық ауылдық округіне қарасты асыл тұқымды абердин ангус ірі қара малын өсіруші «Аманбаев» ШҚ жұмысымен танысты. Жалпы қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласында кездесетін қиындықтар аталып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале