8.08.2017, 9:54
Оқылды: 19

Әкім орынбасарының құрылыс қарқынына көңілі толмады

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Арман Өксікбаев жұмыс сапарымен Қазталов ауданына келді. Ауданда 4 млрд теңгені құрайтын жобалар іске асуда.


Өңір басшысының орынбасары алдымен «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Талдыапан ауылдық округінде тартылып жатқан ауыз су құрылысымен танысты. Ауданның 12 елді мекеніне «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы таза ауыз су тартылуда. Талдыапан ауылдық округінде «БатысГазСтрой» серіктестігі жобаның жалпы құны 778,174 млн теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Мұнан кейін облыс әкімінің орынбасары Қайыңды, Жаңажол округтерінде болып, мұндағы мердігерлермен кездесті. Бүгінгі күні «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы Қайыңды мен Жаңажолда жалпы жобаның құны 356 млн теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылуда. Жергілікті жерден ауыл тұрғындары жұмысқа тартылған. Сонымен қатар биылғы жылы Жалпақтал мен Қараөзен ауылдық округтерінде республикалық және жергілікті бюджеттен «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 361,126 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. Қос округке таза ауыз су жеткізу жұмыстарын «ПМК-117» ЖШС-гі атқаруда.
-Жұмыс қарқыны баяу. Жаз айындағы қолайлы уақыттарды тиімді пайдаланып, демалыссыз жоспарлы жұмыстар атқару керек. Сіздер әрбір күнді, әрбір сағатты тиімді пайдаланыңыздар. Атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары сапалы болу керек,-деді мердігерлермен кездесуде өңір басшысының орынбасары Бағдат Азбаев.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале