25.04.2017, 16:27
Оқылды: 60

Ақкенже бірінші орын иегері атанды  

 

Астана қаласында Индира Расылханның «ИР» өнер мектебінің ұйымдастыруымен республикалық «Дарын-2017» байқауы өтті.

Байқауда Р.Рымбаеваның орындауындағы «Қазақ елі» әнін орындап Зеленов ауданының намысын қорғаған Белес ауылының тұрғыны Ақкенже Қонысбайқызы І орын иегері атанды.

Айта кетейік, 2016 жылдың қазан айында аталған мектептің мұрындық болуымен «Дарын» байқауының облыстық кезеңінде «эстрадалық вокал» жанры бойынша Ақкенже үздік өнер көрсетіп, республикалық  кезеңге жолдамаға алған еді.

Дана БЕРІШ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале