25.01.2017, 18:22
Оқылды: 22

Аққозыда ұялы байланыс жоқ

????????????????????????????????????

 Бұл мәселе шешімін таппай келе жатқанын аталмыш ауылдың әкімі Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың халықпен кездесуінде айтты.


   - Өткен жылғы есепті кездесудегі ауыл тұрғындары айтқан ұялы байланыс мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.  Бұл мәселе бүгінде күрделі күйінде қалып отыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловқа ауыл тұрғындары атынан ұялы байланыс мәселесін шешу туралы өтініш хат жолданды. Аққозылықтар бүгінде бұл өзекті мәселе бойынша  оң нәтижесін күтуде. Екінші бір маңызды мәселе «Қаратөбе - Аққозы» автокөлік жолдарын жөндеу, тегістеу туралы сауалдарға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылды. Жолдар тоқсан сайын  қырылып, тегістелді. Қазіргі кезде жолдарды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі бақылауда ұстап, қадағалауда», - деді ауыл әкімі Қоныс Мұқанов.

  Аудан әкімі Асхат Шахаров биылғы жылы мемлекет тарапынан бөлінген қомақты қаражатпен 5 елді мекен ауыз сумен қамтылатынын жеткізді.

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале