23.01.2019, 13:08
Оқылды: 28

Қаратөбе ауданының әкімі ауыл тұрғындарын қабылдады

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың есебі Аққозы ауылдық округінде жалғасты.

 aqqozy (3)

Былтыр Аққозы ауылдық округінде бірқатар шаруалар жүзеге асқан. Бұл туралы округ әкімі Қоныс Мұқанов баяндады.

– Өткен жылғы есепті  кездесудегі ауы  тұрғындарының өтініші ұялы байланыс желісін тарту болатын, осыған сай ауылдық округі әкімі аппаратына сигнал күшейткіш орнатуды жоспарлап отырмыз.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында жерлес кәсіпкерлермен бірлесе отырып 5 жобаны жүзеге асырдық.

«Аққозы» ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру кооперативінің мүшелігіндегі 61 отбасыда 546 мал басы бар. Сондай-ақ қой қырқу пунктінде 3 600 бас қой қырқылды. Тұрмыстық қалдықтардан пластикалық материалдар пресстеліп, жиналуда, - деді округ әкімі Қоныс Мұқанов.

Аққозы ауылдық округінің 2018 жылы атқарған жұмыстарын тыңдаған аудан басшысы Жанат Асантаев ауданда атқарылған жұмыстармен қатар Елбасы Жолдаулары мен бағдарламалық мақалалары аясында ауданда тындырылған істерді баяндады.

Есептік кездесуде ауыл тұрғыны Қайыршақ Жұмағалиев көгілдір отын кіргізудің қымбатшылығын және Жақсыбай өзенінен өтетін өтпе жолды реттеуді айтса, Кенжегүл Сұлтанғалиева тұрғын үй мен спорт алаңдарын салу қажеттігін алға тартты.

Ауыл тұрғыны Боран Сисеновтың ауыл мектебіне спорт құралдарының жетіспейтіндігі турасындағы өтінішіне сала басшысы Б.Ғарапшиев жауап берді.

Есепті жиыннан соң аудан әкімі Жанат Асылханұлы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Ауыл тұрғындары тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу бойынша өтініштерін жеткізді.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале