14.02.2019, 18:17
Оқылды: 37

Ақниет «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы

 Жуырда «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар байқауы өз мәресіне жетті.

уеп

         Қатысушының мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударған көркемдік кеңес шешімімен 446 қатысушы арасынан үздіктер анықталған еді. Солардың арасында Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылының ұланы, болашағынан үлкен үміт күттіретін 20 жасар Ақниет Жайлыбайұлы да бар.

         «Алтын дауыс» кастингінің жеңімпаздары ұлттың үнжариясында дикторлық сала бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, шеберліктерін шыңдайды. Олар «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігінің арнайы жобаларына қатысып, дауыстары қазақ еліне кеңінен тарайтын болады» деп хабарлайды qazradio.fm сайты.

Алтынбек Серікқалиұлы,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале