14.05.2018, 12:22
Оқылды: 36

Ақобада дала қызықтары ұйымдастырылды

Сенбі күні ақобалықтар жасыл шүйгін, кең жайлау төскейінде  «Мәдени  даму»  жобасы,  «Рухани қазына»  кіші  бағдарлама  аясында   дала қызықтарын  ұйымдастырып,  «Ұлттық спорт  ойындары  - халықтың мәдени мұрасы»  атты мәдени-спорттық  шара өткізді.

Ашық аспан астындағы «Ақоба – туған мекенім!» атты концерттік бағдарлама ақобалықтар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Өнерді серік еткен ауылдың  төл перзенттері  Мейрам  Бисенғалиев,  Райымбек Каримов, Алтынбек Харесов, Ақбаян  Карина сынды жалынды жастар мен өнерлі оқушылар легі, облыстық байқауларда жүлделі орындардан көрініп жүрген Қырмызы Жомартқызының жетекшілігіндегі «Инабат» би тобының бишілері сыйлаған ән-би шашулар халықтың рухани демалуына сеп болды.

Ә.Қуанғалиева

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале