16.01.2019, 11:39
Оқылды: 17

Ақобада мал қыстақтарына жол ашылды

Жәнібек ауданындағы Ақоба ауылдық округінде мал қыстату науқаны қалыпты өтіп жатыр.  Мұнда 19 қыстауда 4490 бас ірі қара, 5511 қой-ешкі, 2356 бас жылқы және 67 түйе бар. Жазғы маусымда 14540 тонна пішен дайындалып, жоспар артығымен орындалған.

janibek

  -Малға қажетті шөп қоры жеткілікті. Жылқылар далада жайылып жүр. Ресейден қосымша жем алу үшін келіссөздер жүргізуде. Мал қыстақтарына жол түсті. Боран кездерінде «Әлем» шаруа қожалығы мен басқа да қожалықтардың техникалары жолды тазалауға көмекке келеді, - дейді ауылдық округтің әкімі Мақсат Жаналиев.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале