30.07.2020, 18:11
Оқылды: 72

Ақобаға өрт сөндіру көлігі берілді

Жәнібек ауданында дала өрті үлкен мәселе. Жыл сайын 50-ге жуық дала өрті орын алады. Соның ішінде Ақоба ауылы - аумағы үлкен, шаруа қожалығы көп және ол өрт жиі болатын округтердің бірі.

74C498A6-92D1-4A39-8AF8-82002DB27D7E

     Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың айтуынша, былтыр облыстық төтенше жағдайлар департаменті арқылы Жақсыбай ауылына өрт сөндіру көлігі берілген болатын. Биыл аталмыш департамент ауданға тағы бір өрт сөндіру көлігін бөліп отыр. Көлік Ақоба ауылдық округ әкімі аппаратына бекітілді.

1054F6DD-4035-4343-B475-BC05580D4F46

Бұл автокөлік дала өрті кезінде пайдаланылатын болады. Қазіргі таңда аудан бойынша екі өрт сөндіру бекеті бар.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале