5.01.2017, 17:13
Оқылды: 74

Қадыр ақынның туған күнін атап өтуде

????????????????????????????????????

  Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, Қазақстан Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты Қадыр Мырза Әлидің 82 жылдығына орай шаралар Сырым ауданында басталды. Шараға жиылғандар алдымен шайырдың ескерткішінің алдына жиналып, гүл шоқтарын қойып, ақын ескерткішіне тағзым етті. Қазақ поэзиясының пайғамбары Қадыр Мырза Әлиді еске алуға ардагерлер, ұстаздар, жас буын өкілдері жиналды.


  Шарада Сырым ауданының құрметті азаматы Ким Федянин сөз сөйлеп, ақын туралы естеліктермен бөлісті. Шарада Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушылары шайырдың шоқтығы биік туындыларын жатқа оқыды.

  Ақын атындағы мектепте «Қазыналы Қадыр әлемі» деп аталатын аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, оны мектеп директоры М.Ақбасов жүргізді. Концеренцияға жиналғандар туған жерді сүйіп, оның қадірін түсіну өмірлік ұстанымы болған Қадыр Мырза Әлидің жауһар жырлары ойлы санаға сәуле себетінін айтады.

  Шараның басты мақсаты ұлттық әдебиет пен мемлекет ісінде өшпес із қалдырған, Қадыр Мырзалиев кемеңгер тұлғасын еске алып, қаламгердің әбеди мұрасын, шығармашылық жолын насихаттау дейді ұйымдастырушылар.

 

Үміт Жәңгірова

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале