31.08.2017, 15:05
Оқылды: 69

Ақпәтер күрес залына күрделі жөндеу қажет

Kaztalob sport baskarmasi  Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әсия Аманбаева жұмыс сапарымен ауданымыздың Ақпәтер ауылдық округінде болды.

  Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысымен бірге аудан әкімі Абат Шыныбеков, Ақпәтер ауылдық округінің әкімі Есенгелді Айсағалиев, бірқатар мекеме жетекшілері болды.


  Ақпәтер ауылындағы күрес залы бүгінде 50 тарта жасөспірім палуандарды дайындауда. Палуандарды дайындауда Жеңіс Стамғазиевтің еңбегі орасан зор. Ақпәтер ауылындағы күрес залында жаттықан палуандар қазіргі күні облыстық, республикалық деңгейлерде өнер көрсетіп, жоғарығы жетістіктерге жетіп отырғаны үлкен мақтаныш деп айтуға болады. Округ әкімі Есенгелді Айсағалиев күрес залы күрделі жөндеу қажет ететінін айтса, аудан басшысы Абат Абайұлы жөндеу жұмыстарына көмектесетіні айтып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева татами алып беруге көмектесетінін айтып, уәде етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Ақпәтер ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале