22.05.2019, 16:10
Оқылды: 30

Ақсай қалалық мешітінде күнде ауызашар ұйымдастырылуда

Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мешітінің бас имамы Қанат Жакенов Бөрлі ауылында болып, мешіт жамағатымен кездесті.

 WhatsApp Image 2019-05-22 at 12.48.05

Кездесуде ауданның бас имамы оразаның пайдасы турасында уағыз айтты.

- Оразаның пайдасы өте көп. Соның бірі адам баласын сабырлылыққа, төзімділікке баулиды. Өзіне ауыр сөз айтқандарға «Мен оразамын» деп жауап беріп, мінез-құлқын түзейді. Жүйкесі жұқарған жан ғана сабырсыз әрі шыдамсыз келеді. Демек, ораза жүйкенің тозуынан, ұрыс-керіс, айқай-шу мен қылмысқа барудан пендені алыстатып, адами қасиеттерге баулиды. Алла Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Ораза - қалқан. Пенде ораза ұстаумен тозаққа қалқан қояды». Хадистегі қалқан - сабыр мен шыдам. Бұл жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Ораза – сабырың, сабыр болса – иманның жартысы»,-деген. Демек, ораза иманнан туындайды. Иман тозақтан сақтайды, - деді имам.

Айта кету керек, рамазан айы басталғалы Ақсай қаласы мешітінің асханасында күнде ауызашар ұйымдастырылуда. Оған кәсіпкерлер, мешіт жамағаты демеушілік жасауда. Оразаның алғашқы күнінен бастап «Тегін такси» акциясы өтуде. Акция аясында 5 жеңіл көлік адамдарды керек жеріне дейін тегін жеткізуде. Ал мешіт жанынан «Берекелі жамағат» атты қайырымдылық қоры жұмыс жасауда.

Үміт Жәңгірова,

Бөрлі ауданы

WhatsApp Image 2019-05-22 at 12.48.43

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале