1.03.2018, 15:51
Оқылды: 33

Ақсай қаласында - жаңа әкім

akim aksayБұл қызметке халық қалаулыларының 75 пайыз дауысын жинаған Амангелді Тоғызбаев сайланды.

Өңірдегі 13 депутаттың 12-сі қатысқан сайлаудың қорытындысында  халық қалаулыларының 75 пайызы кандидат Амангелді Тоғызбаевқа, ал 17 пайызы кандидат Наталья Хайранбаеваға, 8 пайызы Замир Мырзағалиевке өз дауыстарын берді.

Сөйтіп Амангелді Тоғызбаев Ақсай қаласы әкімі болып сайланды.

IMG_1094Амангелді Тоғызбаев1964 жылы 21 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Еңбек жолын К.Е.Ворошилов атындағы Орал машина құрылысы заводында үшінші деңгейлі маман болып бастаған. Әр салада басшылық қызмет еткен Амангелді Кәрімұлы Теректі аудандық мәслихатының экономика бөліміне жетекшілік етті. 2007- 2014 жылдар аралығында Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 2014 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытка дейінгі мерзімде Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале