4.06.2019, 10:15
Оқылды: 82

Ақсайда 100 отбасыға қайырымдылық көрсетілді

Рамазан айында Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

borli (3)

-Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдіктен басталған «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты берекелі айда мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау,-дейді бас имам Қ.Жакенов.

Шарада мешітте тіркелген Ақсай қаласы, Бөрлі, Бумакөл, Ақсу, Алекандров ауылдарының әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы 100 отбасыға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар берілді.

Бас имамның айтуынша, қайырымдылық шара тек қасиетті айда емес, алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Үміт Жәңгірова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

borli (4) borli (5) borli (7) borli (8) borli (9) borli (10)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале