8.08.2018, 15:49
Оқылды: 206

Ақсайда 76 жастағы ақсақал суға жүзуден жеңімпаз атанды

Aksay zhuzuАқсай қаласындағы «Сарыарқа» спорт кешенінде Спорт күні мерекесіне орай еркін жүзуден жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасында аудандық турнир өтті.


Ауданда жүзу спорт түрін дамыту мақсатын тұтқан жарысқа барлығы 50-ге жуық қатысушы қатысты. Бұл жарысқа аудан төңірегіндегі ауыл жастары қатысып, өздерінің қызығушылықтарын танытты.

Сондай-ақ жасының үлкендігіне қарамай, жарысқа қатысқан 76 жастағы Жолсары Құсанұлы ақсақал  І орынды қанжығасына байлады.

Қалған қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша жеңіс тұғырынан көрініп, ұйымдастырушылар атынан марапаттарға ие болды.

Аида ТЕМІР

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале