10.05.2017, 15:31
Оқылды: 23

Ақсайда ардагерді еске алуға арналған турнир өтті

Ақсай қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Сағынбас Кушевты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.


Кушев Сағынбас Есжанұлы 1939 жылы мамыр айында әскери қызметке шақырылып, сол жерден 1941 жылы 22 маусымда № 80 мотоатқыштар полкіне минометчик болып қабылданып, майданға жіберіледі. Соғыстан кейінгі жылдары Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылында қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері С.Кушев медальмен, ордендермен марапатталған.

Қазақ халқын әлемге танытқан Қажымұқанның жолын қуған палуандарымыздың сайысына 150 қатысушы қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале