13.09.2018, 17:49
Оқылды: 66

Ақсайда қариялар «Домбыра party» өткізді

Ақсайда «Домбырам – асыл мұрам» атты ардагерлер арасында домбыра party өтті.

Асия Мұхитова

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараға Ақсай қаласының белсенді жастары ардагерлерді құрметтеп, саябақта домбыра тартып, ән шырқауға шақырған.

-Аптаның әр бейсенбісін ардагерлерге арнап, әртүрлі ұлттық құндылығымызды жастарға  насихаттайтын шаралар ұйымдастырып тұруды жөн көрдік, - дейді «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ә.Сарбөпеева.

Аталмыш шараға домбырасын арқалай келген 20-ға жуық қария қатысты.

Шара шымылдығын Мұхит Мералыұлының шөбересі Асия Мұхитова Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол!» күйімен ашып, ары қарай өзге қатысушылар ән-күймен жалғай түсті.

Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы

IMG_7499

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале