5.07.2018, 15:10
Оқылды: 46

Ақсайда Астана құрдастарымен кездесу өтті

Aksay astanaЕлордамыздың 20 жылдығына орай аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Астананың құрдастары» тақырыбында өткен кездесуге 1998 жылы дүниеге келген 15 шақты жас шақырылды.


- Астана қаласының туған күніне орай ауданымызда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Күні кеше жастар ресурстық орталығы мен еріктілер бірлесе отырып жастар арасында флешмоб өткізді. Мұндағы басты мақсат – Астананы туған күнімен бөрлілік жастардың атынан шын жүректен құттықтап, ыстық лебіздерін білдіру. Сонымен қатар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған еріктілер күннің ыстығында көше тазалап жүрген жұмысшыларға салқын су мен тіскебасар апарып берді. Ал тұрғылықты мекен-жайы жоқ, қиын жағдайға тап болған тұрғындарға тегін азық-түлік таратылды, - деп әңгімеледі жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Толқын Ахметова.

Дөңгелек үстел басында емен-жарқын әңгімелескен жастармен ресурстық орталықтың психологы Ботагөз Байқадамова тренингтар өткізді.

Шара соңында Астана қаласының құрдастары - 20 жасар қыз-жігіттерге естелік сыйлықтар табысталды.

Аида ТЕМІР

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале