30.01.2019, 12:25
Оқылды: 75

Ақсайда баспасөз орталығы ашылды  

Бұл орталықта әр аптаның сейсенбі күндері баспасөз мәслихаты өтетін болады. Алдын ала бекітілген медиажоспар негізінде ауданда атқарылған және жасалуы тиіс жұмыстарды, шұғыл ақпарат, төтенше жағдай, енгізілетін өзгерістердің барлығын аудан, қала, ауыл әкімдері мен олардың орынбасарлары, дербес бөлім, мемлекеттік, коммуналдық мекеме басшылары, құқық қорғау орган қызметкерлері БАҚ өкілдеріне баяндайтын болады. 

Aksay pres center

Ақпараттық алаңның алғашқы спикері Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиев болды.
Алдымен аудан басшысы өңірде атқарылған жұмыстарды баяндап, межеленген жоспарлармен бөлісті.

Аудандағы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Санжар Әлиев Ақсай қаласы тұрғындарын мазалаған қар шығару және қоқыс шығару, жол құрылысы жөнінде өз пікірін білдірді.

Айта кету керек, баспасөз мәслихаты Фейсбук, Инстаграм әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде өтті. Аудан басшысы тұрғындардан келген бірнеше сұрақтарға да жауап берді. Ал онлайн режимде тұрғындардан түскен өзге де сұрақтарға жақын күндері жауап берілетін болады.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

© zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале