18.10.2019, 12:28
Оқылды: 208

Ақсайда бокстан дәстүрлі халықаралық турнир басталды

Бөрлі ауданында аудандық бокс федерациясының 20 жылдығына орай «Достық – Дружба» кубогы сарапқа салынатын дәстүрлі ХХІІ халықаралық турнир өтуде.

borli (6)

Жарыстың ашылу салтанатына Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева және басқа да құрметті меймандар қатысты.

borli (4)

Аудан басшысы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Турнирге 15 команда қатысуда. Атап айтқанда Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Беларусь елдері, Атырау мен Ақтөбе, Орал қаласы, Қазталов, Шыңғырлау, Бөрлі ауданының командалары бар.

borli (5)

Жарыс 20 қазанға дейін жалғасып, жеңімпаздар сол күні анықталмақ.

 

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале