19.10.2018, 10:49
Оқылды: 55

Ақсайда бокстан халықаралық турнир басталды

Ақсай қаласында бокстан «Достық-Дружба» кубогі үшін жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық турнир басталды. Ұйымдастырылғанына жиырма бір жыл болған жарысқа бес мемлекеттің боксшылары қатысуда. Байрақты бәсеке төрт күнге созылып, 11 түрлі салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталмақ.

БОКС

         Турнирге Ресей, Тәжікстан, Сербия, Өзбекстан елдері мен Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Ақсай қалаларынан боксшылар қатысуда.

Халықаралық дәрежедегі төреші, бапкер Аман Ақшолақовтың  айтуынша, аталған жарыстың споршыларға берері мол.

- Бұл турнирге кезінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, мақтанышымыз Әділбек Ниязмбетовтер қатысқан. Бұл жарыс балғын спортшыларға бағыт береді. Олар осындай турнирлер арқылы шыңдалады. Осы турнирге қатысқан спортшылар болашақта жарқын жеңістерімен қуантатынына сенемін, – деді Аман Ақшолақов.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі  ауданы,

zhaikpress.kz

БОКС-1

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале