10.10.2017, 11:28
Оқылды: 24

Ақсайда болған төбелестің мән-жайы анықталуда

V-Kieve-proizoshla-massovaya-draАқсайдың басты көшелерінің бірінде төбелес тіркелді. Нәтижесінде түрлі дене жарақатымен 1987 жылғы Қ.Айжұмашев есімді тұрғын аудандық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 8 қазан шамамен кешкі сағат 18:30 да болған. Ақсай қаласындағы Железнодорожный көшесі бойындағы «Прага» кафесінің алдында тепсе темір үзетін жігіттердің төбелесі ғаламторда тарап кетті.

Жақын достар бір-бірімен сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Бұл оқиға бойынша 1989 жылы туған А.Қажымов деген азамат ұсталды. Зәбір көрушіні сол мезетте А.Қажымов пен өзге де достары аудандық ауруханаға жеткізген. Бөрлі аудандық аурухана директорының орынбасары Ғалия Хұсайнованың айтуынша, науқастың жағдайы бір қалыпты.

«Жексенбі күні сағат 18:50 шамасында аудандық ауруханаға екі жақ жамбасы мен сол жақ санына бірнеше пышақ жарақатын және геморрагиялық шок алған Қ.Айжұмашев деген науқас келіп түсті. Науқасты жедел түрде дәрігерлеріміз қарап, хирургтарымыз кесілген жерді өңдеп, қажетті антибиотиктерді қолданды. Бүгінгі күнге науқас хирургиялық бөлімде ем алып жатыр, жағдай бірқалыпты» -деді Ғалия Темерешқызы.

Айдын күннің аманында елді шулатқан төбелестің анық-қанығы анықталу үстінде. Бұзақылық факті негізінде ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале