19.03.2018, 12:40
Оқылды: 42

Ақсайда бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бөрлі ауданында бос орындар жәрмеңкес ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жиырманың үстінде түрлі мекеме,  кәсіпорындар мен ұйымдар 260 жұмыс түрін ұсынды. Өңірге  азпаздар, іс жүргізушілер, дәнекерлеушілер, электр жөндеушілер, автокөлік жүргізушілер, тәрбиешілер қажет. 

Бөрлі аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғалия Баймұқашеваның айтуынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының шеңберінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту көзделуде. «Өз ісін ашам деген 39 тұрғынға  19 млн. теңге көлемінде несие беріліп,  39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі деп көзделуде» деді, Ғалия Баймұқашева.

Жалынды жастар бойындағы күш қуат, ерік жігерлерін еңбек жолында көрсетуге талпынады.Дегенмен қолына дипломын алып, жұмысқа кіріскісі келетін жастардың алдынан қиыншылықтар да кездеседі. Олардың жұмысқа бейімделіп, еңбек жолын бастауға зор ықпал ететін бірден бір бағдарлама «Жастар практикасы». Жыл басынан бері ауданда 23 маман аталған бағдарламаның игілігін көріп, жұмыспен қамтамасыз етілсе, жәрмеңкеге келген жиырма жас бұл бағдарламамен жұмысқа жолданды.  Биыл тағы 140 жас маман жастар практикасына жолданатын болады. Одан бөлек әлеуметтік жұмыс орындарына алты, ақылы қоғамдық жұмысқа он төрт адам, тұрақты жұмысқа отыз бес, ал кеңестен өтуге он жеті адам жіберілді.  Айта кету керек бұл жәрмеңкеде 260 адам жұмысқа орналасты. Өткен жылы  аудандық жұмыспен қамту орталығына  жұмыс сұрап келген 2260 тұрғынның 1760-ы тұрақты жұмысқа орналасқан.

 Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале