18.05.2018, 18:23
Оқылды: 59

Ақсайда грек-рим күресінен республикалық турнир өтті

IMG_4146Ақсай қаласында Ұлы Отан соғысы ардагері Сағынбас Кушевты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында ашық турнир өткізілді. Жас балуандар арасындағы үздіктерді анықтау мақсатында өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес облыстар мен Ресейден де спортшылар қатысты. 


Дәстүрлі жарыс мықтыларды анықтауды мақсат етті. Боз кілемде белдескен балғын спортшылардың өнері жанкүйерді бей-жай қалдырмады.

IMG_4139«Грек рим күресі - өте танымал спорт түрі. Бөрлі ауданында аталмыш спорт түрі осыдан төрт жыл бұрын ашылды. Дегенмен нәтиже қуантады. Өтіп жатқан жарыс - жас спортшыларға берілген тамаша мүмкіндік. Балғын спортшылар өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдайды. Ауданда бұл спорт түрі дұрыс жолға қойылған», - деді турнирдің ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.

Тартысқа толы жарыста 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Дәстүрлі турнир жас балуандардың шеберлігін шыңдауға зор мүмкіндік береді.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале