19.07.2019, 10:37
Оқылды: 191

Ақсайда «Иман балабақшасы» есік ашты

Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің жанынан «Иман балабақшасы» атауымен балалар сауат ашу лагері ашылды. Мұсылмандық білім сатысымен таныстыратын лагерьге балаларын әкелген ата-аналардың қарасы көп болды.

575c7270-3e7b-46a9-9b33-166573d93544

- Сауат ашу курсына алты жастан асқан балалар қабылданды. Лагерьдің басты мақсаты бүлдіршіндерге діни сауаттың алғашқы әліппесін үйрету. Бұл алдағы уақытта теріс ағымдардың балалардың санасын уламау үшін жасалып жатырған қадам деп түсінген дұрыс. Сондықтан осы бастаманы қолға алып, тәуекел жасап жатырмыз. Балалар мен қыздарға сабақ бөлек өтеді. Күніне үш сабақ өткізіледі. Екінші сабақтан соң балаларға тәттілер мен сусын берілетін болады. Сонымен қатар мешіттің ауласына ойын батуты құрылады. Сабақтан кейін түрлі бағдарлама ұйымдастырылмақ. Бізді қолдап балаларының білімге ұмтылуына мүмкіндік беріп отырған ата-аналарға үлкен рақметімізді айтамыз,-дейді ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Парасат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бағдат Шақаев.

ef1827a3-8528-4d0d-8e1d-df2b01beeaf4

Он күн бойы мұсылмандық, имандылық әліппесі, «Дәстүрім діңгегім» секілді бағыттарда білім берілмек. Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін лагерьге қатысушылар арасында білім сайысы өткізіліп, сауат ашу курсының қорытындысы жасалып, арнайы сертификаттар табысталмақ. Сабаққа белсенді қатысқандарға естелік сыйлықтар да ұсынылады. Алғашқы оқу күні 25 ұл мен 25 қыз бала тіркеліп, сабақ басталып кетті.

Мейрамбек СЫДЫҚОВ,

Бөрлі ауданы

9723a2fc-caef-40ce-90e5-6c68868d0755 51c4e2e3-b349-4eaf-865d-f2fdeddb21f0 587a2e59-1681-492c-bb31-69ca40122587

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале