16.10.2017, 17:53
Оқылды: 20

Ақсайда кәсіпкерлер бас қосты

Өндірісті-аграрлы аудан саналатын Бөрлі жерінде кәсіпкерлік жыл санап өркен жайып келеді. Осы жылдың тоғыз айында ауданында ірі, орта және шағын кәсіпкерліктің 4691 субъектісі тіркелген.

Бизнестің қарқынды дамуы өңірдегі кәсіпкерік палатасының жасаған еңбегінің нәтижесі деуге болады. Жуырда аталған палата өңірдегі кәсіпкерлер алдында есеп беріп, арыз-шағымдарын тыңдады.

Фирия Галиева жиырма жылдан бері автокөлік бөлшектерін сатумен айналысады. Нарықта өз орнын тауып, бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп келеген кәсіпкер қырық бес адамға тұрақты жұмыс беріп отыр. Кәсіпкер бизнес өкілдеріне мемлекеттің ұсынып отырған қолдауының зор екендігін біледі. Дегенмен бұл жиын мен үшін жарқын жаңалықтарға толы болды дейді.

«Біз кәсіпкерлер мемлекеттің зор қолдауын сезініп отырмыз. Біздің бизнесіміздің дамуына барлық мүмкіндіктер бар. Бөрлілік кәсіпкерлер өз мімкіндіктерін пайдаланып жүр. Дегенмен мен білмеген бағдарламалар да бар екен. Оны мен осы жиыннан білдім. Көкейімізде жүрген сан сұраққа жауап алдық. Атқарылып жатқан жұмыспен таныстық. Кәсіпкерлер үшін тұшымды жиын болды» дейді кәсіпкер.

Жиында ауыл кәсіпкерлерінің жағдайы кеңінен сөз болды. Кәсіпкерлер жеке қожалық ретінде тіркелмеген тұрғындарды ешкім тексермейтіндігін айтып қалды. Олар мемлекетке салық төлемей, жабайы саудамен айналысатын тұрғындардың көбейіп кеткендігіне қапалы.

Өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдері өндірген өнім 206 546 млн. теңге.  Ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін жиырма жеті өндіріс орны бар. Өңірдегі жиырма субъекті биылдың өзінде  100 000 000 теңгемен қаржыландырылған. Бұл ақша кәсіпкерлерге жолаушыларды тасымалдау үшін көлік сатып алуға, өз ісін дамытуға,  құрал-жабдықтар алуға, мал шаруашылығын дамытуға, ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға жұмысалған. Айта кету керек, өңірдегі жиырма жеті кәсіпкер ауылшаруашылық өнімдерін шығарып отыр. Бұның бәрі өңірдегі кәсіпкерлік палатасының толағай еңбегінің жемісі. Ауданда үш жыл бұрын ашылған палата бүгінге дейін жүз кәсіпкерге нақты көмек берген.

Әкімшілік кедергілер мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында өткен басқосу біраз мәселенің бетін ашты. Ең бастысы кәсіпкерлер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдары, даму институттарының өкілдерінің арасында диалог орнап, маңызы зор ақпараттар берілді.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале